Атырау, 3 наурыз 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

Қазақстан премьер-министрі Ердоғанның инаугурациясына қатысады

1 967 рет қаралды


Қазақстанның үкімет басшысы Сағынтаев салтанатты шараға қатысу үшін Анкараға ұшып кетті. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурация салтанатына қатысады.

 Анкараға ұшып кеткені туралы ақпаратты министрлер кабинетінің баспасөз қызметі растады.

"Премьер-министр Түркия президентінің инаугурациясында Қазақстан делегациясын бастап барады", — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Салтанатты шара Түркия парламентінде жергілікті уақыт бойынша 16.00-де басталады, содан соң президент сарайында басқарудың парламенттік формасы президенттікке түріне алмасады.

Сол күні түрік үкіметінің жаңа құрамы да белгілі болады. Ведомстволар біріккен соң министрлер саны 21-ден 16-ға кемиді.

Түркияда президент сайлауы 24 маусымда өткен. Нәтижесінде елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,59% даусына қол жеткізді.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 шілде 2018, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.