Атырау, 19 тамыз 19:14
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Дала көлінде балықтар қырылды

Бейнежазба
3 604 рет қаралды


Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылының тұрғыны «АЖ» редакциясына су бетінде өлген балықтар қалқып жүрген бейнежазба жолдады.  Оның айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ.

- Шынымен де, Жем ауылдық округіне қарасты Тұрғызба ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Жыңғылдыкөл көлінде балықтар жаппай қырылды, - дейді Жылыой ауданының әкімі Азамат БЕКЕТ. - Қазір көлді орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері тексеріп жатыр, оқиғаның себебін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Алдын ала нұсқасы – су айдынының ішінара құрғауына әкелген аптап ыстық.

Өткен жылдың наурызында сол Жылыой ауданының Жем өзенінде балық жаппай қырылған болатын. Оның себебі ақыры анықталмады.

Фархат ӘБІЛОВ

9 шілде 2018, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.