Атырау, 24 қараша 19:07
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кәріз желісі индерборлықтарды әбігерге салды

Сурет Бейнежазба
4 523 просмотра

14 мыңға жуық халқы бар Атырау облысы Индер ауданының орталығына 2016 жылдан бері магистральды кәріз жүйесі салынып жатыр. Алайда жұмыс барысында индерборлықтарға көптеген мәселелер туындап, тұрғындар кент әкімшілігіне көптеген шағымдар түсірген еді. Осы арыздар арнайы жиналыста қаралды.

Мердігер – «Дияр и К» ЖШС, жұмыс сомасы – 2 млрд теңге.


Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН (суретте):

- Аудан орталығында жаңа құбыр жүргізу барысында асфальт жолдар мен жүргіншілер жолдары бұзылып, қалпына келтірілмеген, қазылған орлар уақытылы көмілмейді, ауыз су құбырлары істен шыққан.  Жұмыс басталмастан депутаттар, ардагерлерді, мамандарды тартып, бақылау тобын құру тапсырылған еді. Бұл іс бастапқыда қолға алынып, артынша аяқсыз қалған.

«Индерсу» КМК директоры Алмас ҚҰСАЙЫНОВ:

- Сатпаев көшесіндегі бұрынғы кәріз жүйесін істен шығарып, оның лас суы жаңадан салынып жатқан жүйе бойына кетіп жатыр. Үш күннен бері осы жағдай. Қалпына келтірілген жоқ. Ауыз су жүйесіне зақым келтіріп, апат тудырған екі жағдайда біз мердігергетөлеу туралы талап қойдық. Бірақ орындаған жоқ, сондықтан сотқа беретін болармыз.

Рулан ТУРАБАЕВ, Индербор кенті әкімі:

- Мердігер жолдарды бұзып, уақытында қалпына келтірмейді, жүргіншілер мен автомобиль жүргізушілеріне қиындық туғызып жатыр. Біз бірнеше рет оларға хат жолдағанымызбен шарасы алынбай отыр. 


Сергей  КУЧИНСКИЙ, «Дияр и К» ЖШС учаске бастығы (суретте):

- Әрине, айтылған кемшіліктерді мойындаймыз және жоюға тырысамыз.   


Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен видеоны түсірген автор 

9 шілде 2018, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.