
70 мыңға жуық астаналық тұрғынның есепшоты салық қарыздарын төлемегені үшін бұғатталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасай отырып.
"Елордада 70 мыңнан аса тұрғын салық қарызы мен айыппұлдарды төлемейді. Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер департаменті 1000 адамның есепшотын бұғаттап, салдарынан олар ұшып кете алмаған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осыған орай басқармадағылар ұшу алдындағы келеңсіздектердің алдын алу үшін барлық қарызын алдын ала тексертіп, салық заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Ал салық төлемейтіндер арнайы деректер базасына тіркеуге алынды.
Дереккөз: tengrinews.kz
В Атырау +2