
Барлық адам қателеседі. Оның ішінде мен де бармын, деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында. Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасында ертеректе сот жүйесі туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.
Бұған дейін Алагөзова сот шешімін күтіп отырғанын хабарлап, аты аталмаған Алматы қаласының судьясына іспен тағы бір танысып шығуға кеңес берген еді. Ол шешім әділетсіз болған жағдайда Қазақстандағы сот жүйесі туралы барлық шындықты айтамын деп сес көрсеткен болатын.
"Біздің еліміздің сот жүйесін жамандау үйреншікті құбылысқа айналып кетті. Ертеректе бұл "құбылысқа" мен де қосылған едім. Дегенмен, барлық адам қателеседі. Оның ішінде мен де бармын. Бір құпиямды айтайын, жөнсіз әрекетім мені қуантты. Әділдіктің салтанат құруы – ең жақсы марапат", — деп жазды Баян Алагөзова әлеуметтік желіде.
Ол сондай-ақ Жоғары сот төрағасы Жақып Асановқа "жоғары кәсіби және басқарушылық қасиеті үшін" алғыс білдірді.
"Барлығымыз заңның үстемдік құруына, адалдық пен әділдікке жетуге ұмтылуымыз қажет! Бұған дейін сот жүйесіне қарата айтқан орынсыз сөздерім үшін кешірім сұраймын және алдағы уақытта сот қызметкерлері бірде-бір қазақстандықтың көңілін қалдырмайтынына сенім білдіремін", — деп түйіндеді продюсер.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау +2