Атырау, 23 желтоқсан 07:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Мен оның денесіндегі ине іздерін көрдім". Головкин мәлімдеме жасады

1 492 рет қаралды


Головкин "Канелоның" оның көзіне қарауға әлі күнге дейін батылы жетпей жүргенін айтты. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО туралы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин журналистерге берген сұхбатында неге "Канелоны" боксшы ретінде сыйлаудан қалғанын айтты. 

"Бірінші жекпе-жекте оның денесіндегі ине іздерін көрдім. Бұл жөнінде қорытынды беру үшін комиссияға көп уақыт керек болды. Оның допингпен ұсталғанын боксты құрметтемеуі деп ойлаймын. Допинг-сынақтан өте алмағаны спортқа үлкен зардап әкеліп отыр. Осындай жағдайдан кейін әлі күнге дейін оны және оның командасын қолдап отырғандардың бар екеніне таңғаламын. Енді "Канелоның" менің көзіме қарап, қиын сұрақтарға жауап беруге батылы жетпей жүр", — деді Головкин. 

Айта кетейік, "Канело" — GGG арасындағы қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке жоспарланып отыр. 

Дереккөз: sputniknews.kz

8 шілде 2018, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.