Атырау, 23 желтоқсан 08:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан Каспий теңізіне әскерилер енгізуге қарсы

2 081 рет қаралды


Қазақстан Каспийдің демилитаризацияланған аймақ болғанын қалайды. Қазақстан Каспий теңізіне демилитаризацияланған мәртебе беруді қолдайды, деп мәлімдеді еліміздің сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Роман Василенко.

Қазақстанның ұстанымы бойынша, теңізге демилитаризацияланған мәртебе берілуі тиіс, деп хабарлады Василенко РИА Новости агенттігіне.

Оның сөзіне сүйенсек, Каспийбейбітшілік, өзара түсіністік және ынтымақтастық теңізі болуы тиіс.

Бұдан бұрын РФ президенті Владимир Путин Ресей үкіметінің теңіз мәртебесі туралы Конвенциясына қол қою туралы ұсынысын қабылдады. Жобаға сәйкес, конвенция қатысушылары Каспий теңізінде конвенция тараптарына тиесілі емес қарулы күштердің болмауы принципін сақтауы тиіс.

Дереккөз: sputniknews.kz

5 шілде 2018, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.