Атырау, 23 желтоқсан 08:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам қамауға алынды

2 219 рет қаралды


Шымкентте үйдің кіреберісінде балаға шабуылды жасады деген күдікті ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Еңбекшіқазақ аудандық сотына сілтеме жасап. 

"Ер адам екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Еңбекшіқазақ сотының кеңсесіндегілер. 

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 1 шілдеде болған.  Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. 

Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Әйел болса ер адамның артынан қуады.  

Еске сала кетейік, мұның алдында шымкенттік зейнеткер балаға шабуылдаған ер адамнан қалай аман алып қалғанын айтып берген еді. Ал кейінірек шабуыл құрбаны баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 шілде 2018, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.