Атырау, 29 наурыз 10:30
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 243 просмотра


ШАХМАТ

Маусымда 8 жасар атыраулық шахматшы Зарина Нұрғалиева ҚР Кубогының екі кезеңінде жеңіске жетті.

Алдымен ол Кубоктың бірінші кезеңі боп табылатын "Астана опен" халықаралық турнирінде өз құрдастарын жеңіп шықты. Содан кейін Қызылордада өткен Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған турнирде үздік атанды. Ол 11-14 жас аралығындағы қыздар тобында бас сынаған болатын.

Жас шахматшыны Жәнібек Аманов жаттықтырады. Оның айтуынша, Заринамен бірге Аят Абдоллаев пен Сержан Жетпіс шілде айында Шри-Ланкада өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

***


ДЗЮДО

Бішкекте жастар мен жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия Кубогы өтті. Атыраулық спортшы Махамбет Рахмет бұл жерде қола алқа жеңіп алды.

Оны Ерлан Шынтасов жаттықтырады.

***


СУДАҒЫ ПОЛО

Астанада Астана күніне арналған 2004-06 жж. жасөспірімдер арасында судағы поло бойынша ашық Қала Кубогы өтті.

«Атырау» командасы шешуші кездесуде турнир иелеріне есе жіберіп, 2-ші орынды иеленді.

***


САМБО

Астанада Әлем кубогы өтті.

Атыраулық қос спортшы -   Наурызбек Майлашев  (68 келіге дейін) пен  Еркебұлан Қуанғалиев (52 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

 

*** 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ


Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті.

Атырау облысының балуандары 1 алтын (90 келіге дейін салмақта Руслан Ізғалиев) мен 1 күміс (Нұрсұлтан Қапашев, аса ауыр салмақ) медальға ие болды.

***

ММА


Бухаресте аралас жекпе-жектен жастар арасында Еуропа чемпионаты өтті.  

Жеңіл салмақта атыраулық Абылай Коргенов күміс жүлдеге ие болса, жартылай жеңіл салмақта Мейірбек Төлегенов қола жүлде иеленді.


Дайындағандар Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ


5 шілде 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.