Атырау, 20 сәуір 01:36
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ұлттық банк 2 қызметкерінің парамен ұсталуына түсінік берді

2 407 просмотра


ҚР Ұлттық банкінің Тұтынушылардың қаржылық құқығын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев Ұлттық банктің Оралдағы қызметкерлерінің ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондықтан бұл жұмыстар аяқталмайынша және сот шешімі шықпайынша біз түсініктеме бере алмаймыз. Біз барынша бұл жағдайды  талдайтын боламыз. Банк басшылығы тапсырма берді. Егер ол адамдардың кінәсі дәлелденсе, жетекшілерге қатысты қатаң жаза қолданатын боламыз», - деді Александр Терентьев. 

Мұның алдында бірқатар БАҚ-та Оралда екі қызметкер ұсталғаны турлы ақпарат таралған болатын. 

Алдын ала ақпарат бойынша, олар Ақсай қаласындағы валюта айырбастау пунктінің иесінен ақша бопсалаған. Кәсіпкер құзырлы органдарға шағымданамын деп наразылық білдірген соң ғана олар параны ақша түрінде қайтарған. 

Сол кезде күдіктілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған.   

Дереккөз: inform.kz


4 шілде 2018, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.