Атырау, 19 сәуір 16:19
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ұлттық бюроның экс-басшысы Татубаев жаңа қызметке келді

1 521 просмотра


Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар жасалды. Жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтегі еңбек өтілі ескеріліп, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына 1976 жылы туған Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Талғат Маратұлы Татубаев 1976 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 3 дәрежелі жоғары біліктілік сыныбы бар. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Түрлі қызметтерде жұмыс істеді. 

Оның ішінде ішкі істер, қаржы полициясының органдары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарында болды. 

2016 жылғы қыркүйек - 2018 жылғы маусым аралығында МҚІжСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды. "Құрмет» және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен марапатталған. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының Президенттік резервінде тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 шілде 2018, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.