Атырау, 26 сәуір 16:26
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қазақстанның жаңа бас әскери прокуроры тағайындалды

1 914 просмотра


Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Шаймерденұлы Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Дастан Сартаев 1959 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. 

Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды. 2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды. 

Заң ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" және ІІ дәрежелі "Даңқ"ордендерімен марапатталған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 36 жыл.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 шілде 2018, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.