Атырау, 29 сәуір 07:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

​Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы басталды

2 220 рет қаралды


ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы басталғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгіннен бастап бағдарлама іске аса бастайды. Екінші деңгейлі банктермен келісімдерге қол қойылды. Алматы, Астана, Атырау, Орал қалаларында алғашқы ипотекалық қарыздар берілуде», - деді Данияр Ақышев. 

Оның айтуынша, жаңа бағдарлама қазақстандықтар тарапынан баспанаға сұранысты арттырып, құрылысқы тың серпін бермек. 

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы  болатынын 5 мамырда айтқан еді. 

Ұлттық банк бекіткен бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар 7% жылдық мөлшерлемемен 25 жылға беріледі. Келесі шарттарының бірі - алғашқы салым 20% болмақ. Жаңа ипотекалық займдарды ҚР кез-келген азамат ала алады. Ол үшін ең басты шарт - адамның басында жылжымайтын мүлкі болмауы керек.

Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез-келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан ең максималды 25 млн теңгеге, қалған өңірлерде 15 млн теңгеге баспана сатып алуға болады.  

Дереккөз: inform.kz

4 шілде 2018, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.