Атырау, 24 қараша 20:47
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АЖЭО: салқындату үшін ажыратылады

3 253 просмотра


3 шілдеде жұмыс күнінің соңында Атырау облысындағы энергетикалық кешен өкілдері ЖЭО-да, аудандарда және мұнай астанасының өзінде қалыптасқан ахуал туралы брифинг өткізді.

- Бүгінгі күні Атырау және Маңғыстау облыстарында аномалиялық ыстық жағдайында АЖЭО қуаты сағатына 260 МВт құрайды. Алайда электр энергиясын тұтынудың күрт артуы бұл жағдайға әсер етті, - деді «АЖЭО» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ брифингте. – Апатты ажыратулар жоқ, жабдық қауырт режимде жұмыс істеп тұр. Егер өшіп қалатын жағдайлар болса, демек жабдықты салқындату үшін автоматты жүйенің іске қосылғаны.

«KEGOC» АҚ «Батыс өңіраралық электр желілері» филиалының директоры Константин ЧЕРНОХАЕВ:

- Біздің өңірде температура жоғары, соның салдарынан барлық генерациялау көздері өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп тұр. Тұтынудың күрт өсуіне байланысты электр қуатының жетіспеушілігі орын алды. Ол «KEGOC» АҚ желілері бойынша, олардың ең жоғарғы ұйғарынды параметрлері бойынша қамтылып отыр.  Біз ТШО мен НКОК-тың электр станцияларының қуатын олар үшін ұйғарынды көлеммен тартып отырмыз. Ауа райы осылай тұра берсе, ахуал жалғаса береді.

«Атырау-Жарық» АҚ бірінші вице-президенті Мейірбек ҒҰБАШЕВ:

- Өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша жүктеме артқан. Бұл жағдайда «облысты жоғалтпау» үшін біз барлық желілерге шектеулер енгіземіз. Көрші Маңғыстау облысына өтінім жіберіп, «МАЭК Қазатомөнеркәсіп»-тен көмек сұрадық. Бірақ оларда да ыстық ауа райына байланысты осындай жағдай қалыптасқан. Олар мәлімделген қуатпен қамтамасыз ете алмайды, тек 10-15 мегават шамасында жеткізе алады. Соған байланысты бізде осындай шектеулер қойылып отыр.

- Қандай нақты шаралар алынады?

- Біз энергия өндіруші және энергия таратушы ұйымдар аясында жиналыс өткіздік. Қазір барлық қорлар қосылған, бірақ 30 мегаваттай әлі де жеткіліксіз. Біз ТШО мен  NСОС-тен қосымша қуат қосылады деп үміттенеміз, қазір осыған қатысты келіссөздер жүргізілуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

3 шілде 2018, 20:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.