Атырау, 23 желтоқсан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматы облысында нәжістен уланған дәрігер мен 2 сантехник көз жұмды

2 622 рет қаралды


Алматы облысында кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған үш адам көмекке ұмтылған. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жаға ұстарлық оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханада болған. 

«Сантехникке көмекке келгендердің ішінде 2 дәрігер мен бір сантехник бар. Барлығы 4 адам болған. Оқиға салдарынан дәрігер мен екі сантехник қайтыс болды. Тағы бір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға жайлы мәлімет құтқарушыларға кеше күндізгі сағат 12:34-те түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына 9 минутта жеткен.

Дереккөз: inform.kz

3 шілде 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.