Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Роза Рымбаеваны үкіметтік концерттерге кім шақырмай жүр?

1 936 рет қаралды


Роза Рымбаева соңғы жылдары неге үкіметтік концерттерден көрінбей жүргенін түсіндірді. Белгілі әнші Роза Рымбаева соңғы бес жылда үкіметтік концерттерге шақырылмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Роза Рымбаевадан Астананың 20 жылдығы мерейтойына арналған концерттік бағдарламалардан неге көрінбей жүргенін сұрады. 

"Кейінгі бес жылда мен мәдениет министрлігінің, президенттік аппараттың бірде-бір концертінде жоқпын. Мені шақырады, кейін қоңырау соғып, сізді бағдарламадан алып тастадық деп айтады. Осы жолы да тура солай  болды. "А+" компаниясы Нағима Есқалиева екеумізді әуелі бағдарламаға қосып, ертесіне хабарласып, алып тастадық деді. Не үшін, не себептен  екенін айтпайды", — дейді әнші.  

Рымбаева мерекелік бағдарламаларға неге шақырылмай жүргенін ұйымдастырушылардың өзінен сұрауды ұсынды.

"Астананың бірде-бір мерекелік бағдарламасында жоқпын. Оның себебін солардан (ұйымдастырушылардан – Sputnik) сұраңыздар. Әндерім дайын, шығармашығылым сол баяғы қалпында. Мен тек қана жанды дауыспен, тек қана оркестрмен ән айтатын әншімін. Сондықтан менің деңгейіммен ұялмай шығуға болады. Кез келген бағдарламаға әніммен үлесімді қоспасам, бұздым деп айта алмаймын. Мен хит әнші емеспін, той әншісі емеспін. Қазақстанды шетелге таныстыру керек болса, мен әрқашан дайынмын", — деді Роза Рымбаева.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 шілде 2018, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.