Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​«Чукотка» барындағы төбелес: Кузнецов түрмеден шықты

1 255 рет қаралды


«Чукотка» барындағы төбелес үшін сотталған Александр Кузнецов түрмеден босап шықты. Сот оның өтелмеген 5 жылын айыппұлмен жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қапшағай қалалық соты сотталушының жазасын өтеу мерзімінің жартысын жеңіл жазамен алмастыруды қанағаттандырды. 

«Кузнецов Александр Михайловичтің 5 жыл жазасын өтеу мерзімі ҚР ҚК 73-бабының 3-бөліміне сәйкес жазасын өтеу орнындағы 4 күніне 1 АЕК мөлшерінде айыппұлмен, яғни 1 097 281  теңгемен өтеуге ауыстырылды», - делінген сот қаулысында.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Чукотка» барының алдындағы төбелестің кесірінен Сырым Мұратқалиев көз жұмған болатын. Сол жылдың маусымында бірінші инстанция соты Кузнецовты абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. 

Кейінірек, Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясы «Адам денсаулығына қасақана нұқсан келтіру арқылы адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кузнецов жазасын Алматы түбіндегі Заречный ауылында өтеп жатқан еді.  

Дереккөз: inform.kz

2 шілде 2018, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.