Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр

1 508 рет қаралды


Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр. Бұл оқиға Шымкентте 1 шілдеде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІБ өкілдеріне сілтеме жасап.  

Видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруе болады. Tengrinews.kz видеоны ар-ұят құндылықтарына байланысты жарияламайды. 

Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ұсталды. Ол - Шымкенттің 1985 жылғы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен.  11 жастағы баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен үйінде. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

2 шілде 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.