Атырау, 23 желтоқсан 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда он үшінші ұлттық саябақ пайда болды

3 587 рет қаралды


"Тарбағатай" саябағы Шығыс Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда жаңа ұлттық табиғи саябақ пайда болды. Үкіметтің қаулысы туралы жаңалықпен орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бөлісті, деп хабарлайды Sputnik.

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Ұлттық саябақ аумағы — 143,5 мың гектар.

Қазақстандағы ең ірі ұлттық саябақ Қатон-Қарағай болып саналады, ол да Шығыс Қазақстанда орналасқан. Аумағы — 643 мың гектар.

Ал ең кішісі – Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағын 68 мың гектар екен. Ол еліміздегі ең алғашқы саябақ – 1985 жылы ашылған.

Жаңа ұлттық саябақ ауданы бойынша сегізінші орында тұр.

Дереккөз: sputniknews.kz

30 маусым 2018, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.