Атырау, 23 желтоқсан 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі артады

2 174 рет қаралды


Биыл 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы. 

Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі қайта қаралған. Толыққанды еңбек өтілі уақытын анықтау үшін 2 миллионға жуық қазақстандықтың құжаттары түбегейлі тексерілген. 

"Зейнет жасындағы азаматтарға берілетін сома көлемі еңбең өтіліне қарай 54 -100 пайыз аралығын құрап отыр. Бұл өзгеріс 2 миллион адамды қамтиды. Оның ішінде 1 миллионға жуығы ең жоғары зейнетақыны алады. Қалған 930 мыңының зейнетақысы 37-ден 81 пайыз деңгейінде болады", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Халыққа есеп беру барысында Мәдина Әбілқасымова елге оралатын қандастардың мәселесіне де тоқталды. Ақпарға сенсек, жыл сайын Қазақстанға келетін отандастардың саны 20 мыңға жуықтайды. 

Бірақ заңдық тұрғыда көбіне елде жұмыс істейтін шетелдіктерге жағдай жасалған. Іс жүзінде демографияны көтеріп, елге оралатын азаматтардың бейімделуіне ешбір қолдау жоқ. Осыған орай, аталмыш ведомство ағымдағы жылы көші-қон мәселесін ретке келтіретін қадамдарды қолға алмақшы.  

Дереккөз: tengrinews.kz

30 маусым 2018, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.