Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Моңғолиялық қазақ қызының портреті National Geographic байқауында бас жүлде алды

2 032 рет қаралды


Моңғолиялық қазақ қызының фотопортретіне National Geographic журналының «Travel-жыл фотографы» байқауында бірінші орын бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат National Geographic-ке сілтеме жасап. 

«Шай ішу мәдениеті» деп аталған портреттің авторы - швейцариялық фотограф Алессандра Мениконзи. 

«Ұзақ уақыт бойы бүркітпен аң алу өнеріне тамсанып келдім. 2018 жылдың басында қыстаудан жайлауға көшіп бара жатқан көшпенді отбасында болдым. Моңғолия - халқы сирек ел, бірақ ондағы тұрғындар қонақжай келеді. Қазақ мәдениетінде шай қонақжайлылық символдарының бірі болып табылады. Фотодағы қыз - ішік киген Дәмелі. Ол Батыс Моңғолияның аязында тоңбас үшін кесемен шай ішіп тұр», - дейді Алессандра. 

Байқаудың гран-приі Рейко Такахашидің «Табиғат» аталымына ұсынған «Су перісі» деп аталатын таңғажайып туындысына берілді. Ал «Қалалар» аталымындағы бірінші орынға Хиро Курашина түсірген «Нагасакидегі жаңбырлы күн» фототуынды лайық болды.

Дереккөз: inform.kz

29 маусым 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.