Атырау, 3 наурыз 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

Өмір бойғы мәртебе: Назарбаев Конституциялық кеңеске өтініш білдірді

3 108 рет қаралды


Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығын беретін заң Конституцияға сәйкес деп танылды.

Конституциялық кеңес  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы", сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне түзетулер енгізуге қатысты заңдар республика Конституциясына сәйкестігін анықтау жөніндегі өтінішін қарады.  

"Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі (…) оларды Республика Конституциясына сәйкес келеді деп тапты", — деп жазылған  Конституциялық кеңестің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

"Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң биылғы жылдың көктемінде парламентте қабылданды. Заң нормаларына сәйкес Назарбаев – елдің тұңғыш президенті Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығына ие болады.    

Дереккөз: sputniknews.kz

29 маусым 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.