Атырау, 25 сәуір 04:38
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

2 446 просмотра


Осыған орай Астанада «Үркер» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталып, марапатталады. Биыл байқауға келіп түскен шығармашылық жұмыстар 12 номинация бойынша қаралды. 

Үздік фотосурет, Үздік репортаж, Үздік сараптамалық материал, Үздік журналистік зерттеу, Үздік сұхбат, Қазақстан туралы үздік танымдық материал, Үздік халықаралық талдамалы материал, Үздік өңірлік радиостанса, Үздік өңірлік мерзімді басылым, Үздік қазақстандық радиостанция, Үздік интернет-басылым, Үздік республикалық мерзімді басылым аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. 

Байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін мен қаржылай жүлделер табысталады. Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы былтыр алғаш рет еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен өткен болатын.

Дереккөз: 24.kz

28 маусым 2018, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.