Атырау, 23 желтоқсан 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматыда қоймадағы өрт ауыздықталды

1 864 рет қаралды


Алматыда қоймада тұтанған өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«28 маусым күні 06:02-де Алматы қаласы Орталық өрт байланысы бекетіне Түріксіб ауданында қойма ғимараттарының өртеніп жатқаны туралы хабар келді. Бірақ жүгінгендер дәл мекенжайын айтқан жоқ. 06:03-те оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Өрт сөндіру күштері мен құралдары №3 жоғары шақыру деңгейі бойынша қимыл жасады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде қойма ғимараттарының шамамен 3000 шаршы метр ауданы өртке оранып жатқан. 09:06-да 17 мың шаршы метрден астам ауданға жайылған өрт ауыздықталды», - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 75 өрт сөндірушісі және 20 техникасы жұмылдырылды. Су тасу үшін коммуналдық қызметтер тартылды. Сондай-ақ «ҚазАвиаҚұтқару» қызметінің Ми-17 тікұшағы әуеден көмекке келді.

Дереккөз: inform.kz

28 маусым 2018, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.