
"Астана LRT" автобуста жолақысы қолма-қол төлегенде неге екі есе көбейгенін түсіндірді.
Астанада маусымның ортасынан бастап қоғамдық көлікте жүру құны қолма-қол төлеген кезде 180 теңгені, ал карточкамен төлеген кезде 90 теңгені құрады. "Астана LRT" автобуста жолақысы қолма-қол төлегенде неге екі есе көбейгенін түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz.
Тариф неге көтеріліп кетті
Есеп айырысу тарифіне маршрут пен жолаушылар санына кеткен тасымалдаушының шығыны кіреді. Ол сондай-ақ жанармай материалдары, жалақы, қосымша бөлік, жөндеу жұмысы, техникалық қызмет көрсету, т.б. заттан құралады. Осы жерден жолақының нақты қанша екені шығады, деді "Астана LRT"
Есеп айырысу тарифының әдісіне сәйкес, күнделікті жүретін маршрутқа отыру бағасы екі жағдайда өзгереді:
– тасымалдаушының шығыны 10 пайызға өскенде (жанар-жағармай материалдарының бағасы көбейсе, автодөңгелек, аккумулятор мен қосымша бөліктердің құны өссе);
– кірістің 15 пайызға төмендеуіне әкелетін тасымалдау қызметі өзгергенде (жол сапасының нашарлауы, ауа райының өзгеруі).
2017 жылы 380 автобус сатып алынғаны айтылды. 2014-2017 жылдары 400 ескі автобус жолаушыларды тасымалдау ережесіне сәйкес келмегендіктен қолданыстан алынған.
Автобустар мен автопарктер саны да көбейген: 2014 жылы 890, 2015 жылы 938, 2018 жылы 1 200 болған.
Мамырдың соңында Астана әкімі Әсет Исекешев қоғамдық көліктегі жол ақысы қалай көбейетінін айтқан болатын.
"Астана жолаушылар тасымалы басқармасы" МБ басшысы Бекмырза Игенбердиновтың сөзінше, тасымалдаушының есебі бойынша, бір жолаушының жолақасы 301 теңге болады екен.
Әлемнің көптеген елінде қоғамдық көлікте жолақысы алынбайды, яғни адамдар автобуста тегін жүреді. Бұндай қадам автобустар санын қысқартып, экологияны жақсартады. Көптеген ел ақысыз жүйеге көшкісі келеді, ондай кезде үлкен қалаларда транспорт шығыны биліктің өз мойнына өтетін болады.
Дереккөз: today.kz
В Атырау 0