Атырау, 23 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған босандыру бөлімі уақытша жабылды

1 391 рет қаралды


Перинаталдық орталық қызметкерлері босандыру бөлімінің уақытша жабылуына екі әйелдің өлімі себеп болған жоқ дейді. Астанада №1 перинаталдық орталықта босандыру бөлімі жабылды, деп хабарлайды Sputnik.

Кеше хабарланғандай, Астананың сол жағалауындағы перинаталдық орталықта екі жас босанған әйел қайтыс болған. Марқұм әйелдердің сәбилері тірі. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әлі белгісіз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Sputnik агенттігіне хабарлағандай, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Әйелдердің қандай жағдайда көз жұмғанын сарапшы комиссия анықтайды.

"Дүйсенбіден бері босандыру бөлімі жабық. Тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бейсенбі күні ашылады. Жүкті әйелдерді басқа перинаталдық орталықтарға жіберіп жатырмыз", — деді Sputnik-ке сұхбат беруші.

Алайда, перинаталдық орталық қызметкерінің айтуынша, бұл әйелдердің өлімімен байланысты емес.

Дереккөз: sputniknews.kz

27 маусым 2018, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.