Атырау, 23 желтоқсан 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Түркістанның бас жоспарын әзірлеуге шетелдік сәулетшілер тартылады

1 888 рет қаралды


Облыс орталығына айналған Түркістан шаһарының бас жоспарын әзірлеуге шетелдік сәулетшілер де атсалысады.  Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шаһар басшысының сөзінше, қалада келесі айда халықаралық сәулетшілер байқауы өтеді деп күтілуде. Сол байқауда іріктеп алынатын үздік жобалар Бас жоспарға енгізілетін болады. Бастысы,  жаңадан  салынатын нысандардың басым көпшілігі  шығыс үлгісінде болуы тиіс. 

Сондай-ақ заманауи әрі тарихи мәнге ие болуы талап етіледі. Бұдан бөлек,  ғимараттардың сапасына, сыртқы кескін-келбетіне де баса назар аударылады. 

Өйткені, нысандар тарихи шаһарға лайық болуы керек. Облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметовтың  айтуынша, дәл осы конкурстан кейін Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары басталады. Алдын ала болжам бойынша, Түркістанның күншығыс бөлігіндегі орталықта 300 гектарға уық аумақ құрылыс алаңына айналады. 

«Жалпы, Түркістан сейсмикалық жағынан қауіпті аймаққа жатпайды. Бұл жердің жерасты суы да төмен, әрі жері қатты. Бұл өз кезегінде құрылыс құнының арзан болуына ықпал етеді. Себебі, суы жоғары өзге сазды аймақтарға қарағанда шығын аз жұмсалады», - дейді Ербол Ахметов.   

Дереккөз: inform.kz

27 маусым 2018, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.