Атырау, 23 желтоқсан 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астана күнінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

2 384 рет қаралды


Жұмыс күндерін ауыстыру жоспарланып отырған жоқ, демалыс күндерінің саны жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты болады. Қазақстан тұрғындары алдағы Астана күнін тойлауға байланысты екі немесе үш күн демалады.

Биыл мереке күні – 6 шілде жұмаға сәйкес келіп тұр. 

"Электронды үкімет" сайтында жарияланған меереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, одан кейінгі 7 және 8 шілде сенбі мен жексенбіге түседі. Яғни аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6,7 және 8 шілдеде демалады. 

Ал алты күн жұмыс істейтін азаматтарға 7 шілде жұмыс күні болып қалады, олар тек 6 және 8 шілдеде демалады. Жұмыс күндері ауыстырылмайды. 

Биыл Қазақстан елордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

26 маусым 2018, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.