Атырау, 24 сәуір 01:58
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​30 мың ауыл тұрғынын кәсіпкерлікке үйретеміз - Н.Назарбаев

1 903 просмотра


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V сьезі қатысушыларына өз құттықтауын жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл «Атамекен» палатасының құрылғанына 5 жыл толды. Осы уақыттың ішінде бұл бірлестік бизнес қауымдастығының мүддесін қорғайтын тәуелсіз институт ретінде қалыптасты. Ұлттық палата кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастыққа дәнекер бола білді. «Атамекен» еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қоса береді деп сенемін», - делінген Елбасының құттықтауында.

Өз сөзінде Президент отандық бизнесті дамытудың арқасында Дүниежүзілік банктің рейтингісінде 36-шы орынға дейін көтерілгенімізді ерекше атап өтті. Инвестициялық климат та жақсарып келеді. Салық және кеденге қатысты жаңа нормалар күшіне енді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті реттеуге қатысты өзгерістер қабылданды. Заңнамада отандық кәсіпкерлердің ұсыныстары барынша ескерілді. 

«Аталған жұмыс жалғаса береді. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнесмендер осы жұмысқа белсене атсалысуы қажет. Біздің стратегиялық мақсатымыз - 30 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу. Ол үшін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 процентке арттыру қажет. Бұдан бөлек, біз жаңа теxнологиялар мен инновацияларды кеңінен дамытуға бет алдық. Ал бес әлеуметтік бастама аясында шағын несиелерді қаржыландыру көлемі артып отыр. «Бастау» сияқты маңызды жобалар қолға алынды. Биыл аталған бастама аясында 30 мың ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке үйрету көзделген. Осы шаралар 160 елді мекен мен 40 шағын қаланы қамтиды. Осының барлығын іске асыру үшін Үкімет пен «Атамекеннің» бірлескен жұмысы қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.  

Дереккөз: inform.kz

21 маусым 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.