Атырау, 25 сәуір 15:23
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

2020 жылға дейін көп уақыт бар – Абаев Назарбаевтың сайлауға түсу-түспеуі жайлы

2 295 просмотра


Дәурен Абаев ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың BBC-ге берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың BBC-ге берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. Онда Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы президенттік сайлауға түспеуі мүмкін екенін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Today.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"2020 жылға дейін көп уақыт бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл шешімді тек мемлекет басшысының өзі қабылдайды деп дұрыс айтты. 2020 жылға дейін біз жағдай қандай болады, соған қарауымыз керек. Бірақ Президентпен жеткілікті уақыт жұмыс істеген адам ретінде айтар болсам, мемлекет басшысының саясаттағы, экономикадағы, халықаралық істердегі теңдессіз тәжірибесін, оның халықаралық беделін ескере отырып сөйлесек, мемлекет басшысы 2020 жылы сайлауға түссе, Қазақстан одан тек қана жеңеді", – деді министр. 

Естеріңізге салайық, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы президенттік сайлауға түсетініне сенбейтінін Би-би-сидің HARDTalk бағдарламасында айтқан еді

Саясаткер Асқар Нұршаның сөзінше, бұл сөзді жұрт көптен бері күтіп жүр.

Дереккөз: today.kz

21 маусым 2018, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.