Атырау, 4 маусым 02:46
 дождьВ Атырау +16.3
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

​Түркістанның экс-прокуроры 10 жылға сотталды

2 555 рет қаралды


Аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған Түркістанның экс-прокуроры Махат Зұлпыхаровқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Timeskz.kz

Басылымның мәліметінше, сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, алайда сот ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты екенін дәлелдеді. Осы бапқа сәйкес, сотталушы 10 немесе 15 жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылу керек. 

Соттың үкімімен, экс-прокурор 10 жылға сотталды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.  Еске сала кетейік, Махат Зұлпыхаров 2017 жылы ұсталған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 маусым 2018, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.