Атырау, 25 сәуір 11:39
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Тоқаев: "Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға түседі дегенге сенбеймін"

2 504 просмотра


Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтетін кезекті президенттік сайлауына қатыспайды деп есептейді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Шыным айтсам, Президент Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға қатысады дегенге сенбеймін. Себебі ол өте дана адам және ақылы көп. 2020 жылы бізде өзге кандидаттар болады", - деді Тоқаев Би-би-си арнасындағы Hardtalk бағдарламасының жүргізушісіне берген сұхбатында. 

Сұхбаттың үзінділерін сәрсенбіде британ телерадиотарату корпорациясы жариялады. Спикердің айтуынша, бұл оның "жеке пікірі". 

"Әрине, президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне байланысты. Бірақ мен ашығын айтсам, ол сайлауға қатысады дегенге сенбеймін", - деді Тоқаев. 

Ал өзіне президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы туралы сұраққа ол былай деп жауап қатты: "Мен олай деп айтпас едім". "Тіпті Президент Назарбаев ел президенті болмаа да, ол елдің ішкі және сыртқы саясатында айрықша рөлі бар адам болады", - деді Парламент Сенатының төрағасы. 

6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады. Ол Қазақстанда республика құрылғалы бері, 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бері басқарып келеді. Соңғы кезектен тыс сайлауда 2015 жылдың 26 сәуірінде Назарбаев 98 пайыз дауыс жинап, бесінші мәрте сайлауда жеңіп шыққан. 

Оның өкілеті 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Конституция бойынша, Назарбаев Қазқастанның Тұңғыш Президенті ретінде шектеусіз сайлауға түсе алады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

21 маусым 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.