Атырау, 24 сәуір 19:34
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

1 821 просмотра


Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Күні кеше республикалық маңызы бар қала статусына ие болған Шымкент қаласының әкімі қызметіне бұрынғы басшы Ғабидолла Әбдіраxымов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ғабидолла Раxматоллаұлы 1975 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген ол 2015 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Шымкент қаласын басқарды. 

Ғабидолла Әбдіраxымов сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентке әкім боп тұрған кезінде тұрғындардың ыстық ықыласына бөленген креативті әкім бола білді. Тіпті бұл лауазымынан босағанда көптеген шымкенттіктер оны қимастықпен шығарып салды. 

Айта кетейік, Шымкенттің су жаңа "мэрі" бұрынғы басшы Нұрлан Сауранбаевтың орнын алмастырды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

20 маусым 2018, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.