Атырау, 19 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Күнгей Ташкент қазақстандықтарды күтеді: авиарейстер көбейді

1 719 просмотра


Рейстер Астана-Ташкент бағытында аптасына 4-тен 6-ға дейін және Алматы-Ташкент бағытында аптасына 7-ден 10-ға дейін артады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы авиарейстер саны артады.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының ресми келіссөздері өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша әр тарап үшін Астана-Ташкент бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 6-ға дейін және Алматы-Ташкент бағытында аптасына 7-ден 10 рейске дейін арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл келісім екі елдің бекітілген әуе компанияларына аптасына 32 рейсті орындауға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, бекітілген әуе компаниялар арасында өзара тиімді шарттармен "шер-код" коммерциялық келісімге қол қоюға келісті.

Кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар туризм мен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға ықпал етеді және екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттырады.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 маусым 2018, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.