Атырау, 12 қараша 11:34
 дождьВ Атырау +3.9
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Алматы әуежайында 10 рейс кешігіп, 1 жолаушы ұшақтан түсірілді

2 853 рет қаралды


Өткен тәулікте Алматы халықаралық әуежайында 10 рейс кешіктіріліп, Кабул-Алматы-Кабул рейсі орындалмады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі әуежайдың фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Толассыз жаңбыр салдарынан Air Astana компаниясы Алматы-Өскемен рейсін, әуе кемесінің ақауына байланысты Алматы-Дели және Алматы-Стамбул, техникалық кемшіліктерге байланысты Алматы-Астана-Франкфурт рейстері кешігіп, Алматы-Бішкек рейсімен ұшуға тіркеуден өтпеген жолаушы ұшақтан түсірілді.

Scat компаниясы жоспарланған резервтегі ұшақтарының жетпеуінен Алматы-Ақтау рейсін және техникалық себептермен Алматы-Қостанай рейсін уақытынан кешіктірді.

Дереккөз: Baq.kz

20 маусым 2018, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.