Атырау, 19 наурыз 11:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​Қазақстанда ҰБТ басталды

2 205 просмотра


Қазақстанда мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ҰБТ елімізде осымен 15-ші рет өтіп жатыр. 2017 жылдан бастап тестілеу форматы өзгергенін айта кетейік. Енді сынақ жоғары оқу орындарына түсуге емтихан әрі білім беру гранттарын алу механизмі ретінде қарастырылады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, биыл тестілеудің форматында сол күйінде қалады, тек тапсырушыларға қолайлы болуы үшін аздаған өзгеріс енгізілген. 

Айта кетейік, биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

"ҰБТ-ның биылғы өту тәртібі мен құрылымы өткен жылмен салыстырғанда, әзірге түбегейлі өзгеріске ұшыраған жоқ. Жуық арада Білім және ғылым министрлігі аса қатты өзгеріс енгізбейді деп үміттенеміз. Олай болмаған жағдайда, оқушылар мен ата-аналарды стресс жағдайына түсіруі мүмкін", - деген еді министр. 

Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.

дереккөз: tengrinews.kz

20 маусым 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.