Атырау, 28 наурыз 18:31
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бозымбаев ұсталған орынбасарлары туралы: Әріптестеріме алаңдаймын

1 543 просмотра


Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталған екі орынбасары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бұл жағдай туралы пікір білдіре алмаймын. Себебі тергеу жүргізіліп жатыр. Менің кез келген пікірім тергеу ісіне араласу болып кетуі мүмкін. Әрине, өз жолдастырымның жағдайын ойлаймын. Тергеу қалай жүргізіліп жатқаны туралы пікір білдіре алмаймын. Егер бірнәрсе білгіңіз келсе, адвокаттан немесе тергеушіден сұраңыз. Осы екі тарап қандай да бір пікір айта алады», - деді Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде.

Еске сала кетсек, жақында ғана Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев ұйқамағына алынған болатын. Сондай-ақ, тағы бір Бозымбаевтың орынбасары Ғани Сәдібеков бюджеттен үлкен сомада қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Дереккөз: Baq.kz

19 маусым 2018, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.