Атырау, 20 сәуір 08:40
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Македонияның атауына қатысты шешім ақыры наразылық шараларына ұласты

1 518 просмотра


Македония астанасы Скопьеде жаппай қарсылық шаралары орын алды. Қарсылық шарасына шығушылардың басты наразылықтары — ел атауының жаңаша, яғни «Солтүстік Македония» деп аталуы.  

Қарсылық науқаны кезінде тәртіп сақшыларымен арада қақтығыс орын алып, салдарынан 10 адамға жәдел жәрдем көмегі көрсетілген. Ал, 11 адам құқық қорғаушылар тарапынан қамауға алынды. Қарсылық кезінде олар парламент ғимаратының қоршауын бұзып, тәртіп сақшыларына тас және петердалар жаудырған.  

Полицейлер де өз кезегінде оларға қарсы көз жасаурататын газ бен гранаталар қолданған. Естеріңізге сала кетсек, 17 маусым күні Грекия мен Македония Бұрынғы Югославия республикасын "Солтүстік Македония" деп өзгерту туралы келісіме қол қойған еді.  

Дереккөз: “The Qazaq Times

18 маусым 2018, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.