Атырау, 27 наурыз 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Ойнап жүрген балалар сәбидің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберді

1 701 рет қаралды


Зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы бір қалыпты. Балалар ойнап жүріп, алты жасар жеткіншекті өртеген. Денесінің 18%-ы күйіп қалған бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

"Оқыс оқиға Таразда болды. 17 маусымда кешкі сағат 18:00-де Менделеев көшесінде ойнап жүрген балалар алты жасар жеткіншектің үстіне жанғыш сұйықтық шашып, өртеп жіберген", — деп мәлімет берді ведомство.

Бала ІІ және ІІІ дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Денесінің 18 пайызы күйіп қалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайының ауырлығы орташа деп бағалайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 маусым 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.