Атырау, 18 сәуір 22:44
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Шу маңындағы төтенше жағдайдан бір адам қаза тапты және тағы үшеуі зардап шекті

2 259 просмотра


ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов Жамбыл облысындағы Шу станциясының маңында болған төтенше жағдайдан бір адамның қаза тапқанын растады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бір адамның қаза тапқанын және үш адамның зардап шеккені расталып отыр", - деп хабарлады ведомство өкілі. "Нақтыланған мәлімет бойынша 8 вагон рельстен шығып кеткен, оның үшеуі аударылған", - деп хабарлады Иманқұлов. 

Оның айтуынша, жолаушылар осы бағыттағы пойыздармен Шу станциясына жеткізіліп жатыр. Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеолар жолдап жатыр.   

Еске салайық, бүгін, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, бірақ олар туралы мәлімет әзірше жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 маусым 2018, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.