Атырау, 23 желтоқсан 00:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сенбеңіздер, мен тірімін: Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

2 319 рет қаралды


Белгісіз біреулер қанға боялған көліктің суретін жариялап, Димаш қаза тапты деп хабарлаған. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген өзінің өлімі туралы Желідегі жалған ақпаратты жоққа шығарды. 

Әнші Instagram парақшасында Желідегі ақпараттың скриншотын жариялаған. Онда қанға боялған көлік суретінің астында Димаштың қазасы туралы айтылыпты.

"Оларға сенбеңіздер. Мен тірімін. Туыстарым мұны интернеттен кездейсоқ көріп қалса қиналады. Баршаңызға бақыт тілеймін. Енді бұлай жасамаңыздар, достар", — деп жазды Димаш.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 маусым 2018, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.