Атырау, 23 желтоқсан 00:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Азаматтарға арналған үкімет» жыл сайын 38 млн қызмет көрсетеді – Абаев

1 718 рет қаралды


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халыққа электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында өзі басқаратын ведомствоның жұмысын атады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жыл сайын 38 миллион мемлекеттік қызмет көрсетеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары жылына 12 мыңнан астам жылжымалы автомобильді, мобильді ХҚКО арқылы 540 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алады», - деді Абаев министрліктің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бұдан бөлек, шалғайдағы аудан тұрғындары ауылдық жерлердегі пошта байланысы бөлімшесі арқылы кейбір мемлекеттік қызметті ала алатынын атап өтті.

«Жыл сайын «Қазпошта» бөлімшелерінен 40 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, ХҚКО инспекторлары орташа тұрғындарға 35 мыңнан астам рет бару арқылы 47 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті», - деді министр.

Еске сала кетсек, министр 2021 жылға дейін жалпы саны 2 милионнан астам тұрғыны бар 1249 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылатынын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, Абаев ұялы байланыс абоненттері құрылғыларын тіркеу ережелері бекітілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» логотипі туралы пікір білдірді.

Дереккөз: Baq.kz

15 маусым 2018, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.