Атырау, 16 желтоқсан 23:11
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Құмдағы снарядтар

2 376 рет қаралды

Көрнекі сурет
13 маусымда Атырауда 102 пультіне қала маңындағы Контейнерный ықшамауданының тұрғынынан соғыс снарядын тауып алғаны туралы хабарлама түсті.


- Хабар
лама расталды. Сол күні снарядты саперлар арнайы сынақ полигонында жойды. Қазір оның жеке секторға қайдан тап болғаны анықталуда, - дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, снаряд құрылыс құмынанда болған. Жақсы үрдіс емес: естеріңізге салсақ, 2 маусымда Атыраудағы Самал ықшамауданында Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі соғыс снаряды табылған еді. Онда да үй қожайыны оны учаскесіне төгілген құрылыс құмынан тауып алған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

14 маусым 2018, 19:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.