Атырау, 21 қыркүйек 06:04
 ашықВ Атырау +20
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Снаряд құммен бірге әкелінген

3 328 просмотра

Көрнекі сурет
2 маусымда сағат 12.35-те Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан соғыс снарядына ұқсас заттың табылғаны туралы хабарлама түсті. Оны мұнай астанасының Самал ықшамауданындағы өзінің жер учаскесіне құм төккен кезде учаске иесі тауып алыпты.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, арнайы іс-шаралар барысында қауіпті заттың Ұлы Отан соғысының артиллериялық снаряды екенін анықталды. Ұзындығы 38 және диаметрі 11 см болатын оқ-дәріні тот басып қалған.

- Сағат 14.38-де ІІД-нің «Арлан» саперлік тобы снарядты полигонда жару арқылы жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарланады ТЖД ақпаратында.

Айнұр САПАРОВА

4 маусым 2018, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.