Атырау, 27 сәуір 10:44
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сейітқазы Матаев Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы болып сайланды

2 832 просмотра


Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ - Сейітқазы Матаев республикалық қоғамдық бірлестіктің есеп беру және сайлау конференциясы барысында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Конференцияда барлық өңірлердің журналистері бейне-байланыс арқылы қатысып, басқарманың есеп баяндамасы талқыланды және қабылданды, болашақ жоспарлар мен міндеттер анықталды.

Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарының сайлауы өтті. С.Матаев Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы болып сайланды. Соңғы кездері қоғамдық бірлестікке белсенді азаматтық ұстанымы бар жас журналистер қабылданғаны, шығармашылық байқаулар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, жұртшылықтың қатысуымен өткізілетін басқа да іс-шаралар айқындалып, қазақстандық журналистердің Қытай және Украинадағы әріптестерімен халықаралық қатынастары нығайғаны атап өтілді.

Заң шығару жұмысына, журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға белсенді қатысу, ардагерлерге мұқият қарау және жас кадрларды даярлауда олардың тәжірибесін пайдалану қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан басқа, келесі жылы атап өтілетін шығармашылық одақтың 60 жылдығына арналған дайындық жоспары бекітілді.

Қазақстанның Журналистер одағы еліміздің ең ірі шығармашылық ұйымы болып табылады, оның мүшелері газет, теледидар, радио және интернет-басылымдардың 5 мыңға жуық қызметкерлері, филиалдары барлық облыстарда, Астана мен Алматыда бар.  

Дереккөз: ҚазТАГ

14 маусым 2018, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.