Атырау, 22 желтоқсан 22:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтөбе облысында баланың менингококк жұқтырғаны анықталды

1 635 рет қаралды


Ақтөбе облысының дәрігерлері зертханалық тексеруде 10 маусым күні менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен балада менингит диагнозы анықталғанын хабарлады. 

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті 13 маусым күні кешке науқас баланың облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

"Баланың жағдайы аздап жақсара бастады. Онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды, оларды тексеру қортындысы теріс нәтиже көрсетті" делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жыл басынан бері 60 адам менингококк инфекциясын жұқтырған, олардың 21-і - 14 жасқа дейінгі балалар. Менингококк жұқтырғандардың 12-сі қайтыс болған. Қатерлі дерттен қайтыс болғандардың алтауы - Алматы қаласының, үшеуі - Алматы облысының, екеуі - Оңтүстік Қазақстан облысының, біреуі - Қызылорда облысының тұрғындары.

Дереккөз: azattyq.org

14 маусым 2018, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.