Атырау, 9 мамыр 05:50
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді

1 839 просмотра


Сауль Альварестің промоутері (49-1-2, 34 КО) Оскар де Лая Хоя Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші кездесудің болмайтынын жария еткен болатын. Алайда ол артынан жекпе-жектің өтетінін туралы айтты, деп жазады Sports.kz.

Осылайша, Головкин кірістерді 42,5% / 57,5% ұстанымы бойынша, бөлуге келісті, деуге болады. Яғни бұл жерде пайданы Канело көбірек көреді немесе олар кірісті басқаша бөлісудің жолын тапты. 

«Мен біздің жекпе-жегіміздің қыркүйектің 15-інде өтетінін Сіздерге қуана-қуана хабарлаймын! «Канело»-GGG II, деп жазды Де ла Хоя Твиттерге.

Кездесу әдеттегісінше, сол Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтетін болуы керек. Өйткені Альварестің командасының жақында ғана осы аренаны жалдағандығы белгілі болды. Головкин-«Канело» кездесуі 2017 жылдың 16-шы қыркүйегінде өткен болатын. 

Жекпе-жек теңдей аяқталды, алайда ол көп дау тудырды. Бокс әлемінің көптеген өкілдерінің пікірінше, төрешілер қазақстандық боксшының жетістігін дұрыс бағаламады.

Дереккөз: inform.kz

14 маусым 2018, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.