Атырау, 21 тамыз 18:51
Түнде ашық+17, таңертең +26
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 360.12  € 409.67  P 5.33

​ҚР СІМ экс-жауапты хатшысы қамауға алынды

13 маусым 15:32


Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев шамамен 10 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро өкілдері Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің аса ірі көлемде алған парасын әшкереледі. Мемлекеттік жауапты қызметте бола отырып, ол министрліктің ведомство ұйымдарының жетекшілері Сәкенованың, Нұрекеновтың және Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Осы үшін Қарашев жүйелі түрде 10 миллион теңгеден аса заңсыз сыйақы алып отырған", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. 

Ұлттық бюро мәліметінше, Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова қылмыстық жоспар құрып, кәсіпкерлерден министрлік үшін қызмет көрсетіп, бұл қызметтерді кедергісіз қабылдап алғаны үшін 20 миллион теңгеден аса пара алған.  

"Алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Соттың санкциясы бойынша, Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді Жахин.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

322 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ер адам 2,4 миллион теңге тұратын 66 рельсті ұрлап кеткен   115 рет қаралды

​Денис Теннің өлімі: Үшінші күдікті қамауға алынды  162 рет қаралды

​Қарағандыда қасақана жасалған өрттің шығыны 70 миллион теңгеге жетті  132 рет қаралды

​Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам қамауға алынды  222 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5