Атырау, 8 мамыр 08:46
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

1 832 просмотра


Қазір республикада 100 мыңға жуық шенеунік жұмыс істейді. Мамыр айында қабылданған кәсіпкерлік қызмет туралы заңнан кейін мыңнан аса шенеунік жұмыстан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы өткен айдың соңында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға жария түрде қол қойған еді. Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қазір республикада әртүрлі деңгейде 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Қабылданған заң аясында талдау жүргізіліп, олардың санын қысқарту бойынша нақты жоспар жасалды. 

"Біз талдау жүргіздік, қазір бізде қанша адам қысқаратыны туралы нақты жоспар бар. Шамамен 1 131 шенеунік. Бірақ олар жұмыс істеп жатқандар бола ма, немесе бос орындарды қысқартамыз ба, ол жағы әлі белгісіз", — деді Сүлейменов мәжіліс кулуарында. 

Министр шенеуніктерді қысқарту туралы соңғы шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайтынын атап өтті. 

"Қабылданған шаралар президенттің Қазақстанда ықшам әрі тиімді үкімет құру туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді", — деді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 маусым 2018, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.