Атырау, 16 тамыз 18:57
Түнде ашық+21, таңертең +30
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 361.66  € 409.51  P 5.41

​Балалар құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл Айтпаева: Әке-ана кодексін енгізу керек

13 маусым 13:11


ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Әрине, алдымен бәрін қарап шығу қажет. Осы жұмыстың негізінде алдағы жоспарлар да жасалады. Сөз жоқ, балалар құқықтарын қорғау мәселесіне баса назар аударылады. Мен өзі бір күннің ішінде миллиондаған баланың анасы болып шықтым. Бұл - үлкен жауапкершілік, үлкен сенім. Ал жауапкершілік бар жерде жұмыс та көп. Мен өзім бір нәрсені алдын ала айтпаймын, нақты фактімен сөйлегенді жақсы көремін», - деді С.Айтпаева журналистерге берген сұxбатында. 

Оның айтуынша, балалар құқықтарын қорғау үшін алдымен ана мен әке институтын күшейту керек. Мұғалімдер де баланың көңіліне баса назар аударуы қажет. 

«Біріншіден, ата-аналар өз баласының көңілін түсінуі керек. Оны қандай мәселелер мазалап жүр? Көңілі неге алаңдайды? Соның бәрін білуі тиіс. Екіншіден, мұғалімдер де баланың көңілін бақылуы қажет. Әлі есімде, біздің кезімізде мұғалімдер анамыз сияқты болды. Отбасының жағдайын, баланың қандай мәселеге алаңдап жүргенін - бәрін-бәрін біліп отыратын. Меніңше, қазіргі сынып сағаттарын мұғалім мен бала арасындағы байланысты орнатуға арнау қажет. Негізі, мұғалімге, анаға, әкеге деген сенім болса, баланың өз-өзіне деген сенімі де мықты болады. Дәл осы сенімді күшейтуіміз керек. Әке кодексі, ана кодексі сияқты бір құжат болу керек сияқты. Сонда нақты ақыл-кеңестерді көрсетуге болады», - деп атап көрсетті С. Айтпаева. 

Айта кетейік, күні кеше ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындады.

Сәуле Мұханбедианқызы - Қазақстанның тұңғыш әйел генералы. Осынау жоғары шенді 2013 жылы Отан Қорғаушылар күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыс еткен болатын. Сәуле Мұханбедианқызы 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде өмір есігін ашқан. Оның өмірлік жолы қазақстандық әйелдің ең биік мақсатты бағындыра алатынын, дарын мен еңбек сүйгіштік табысқа жетудің басты шарты болатынын дәлелдейді. Свердлов заңгерлік институтын бітіргеннен кейін Сәуле Мұханбедианқызы прокуратура  саласының барлық баспалдағын басып өткен. Оның еңбек жолы Ақмола облысы Целиноград қаласы Ленин ауданының прокуратурасында басталған. Одан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында қызмет етеді. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есеп және құқықтық статистика бойынша Комитет төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалады. 2017 жылдың шілдесінен - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенатының конституциялық заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

244 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

А.Мырзахметов: Жайылымды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту керек  548 рет қаралды

Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы баланы зорлау ісін қолға алды  247 рет қаралды

​Назарбаев Зағипа Бәлиеваны қызметінен босатты   253 рет қаралды

​Қазақстанда балалар судьясы, прокуроры мен тергеушісі болады  253 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6